Weekend
Жыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАпа, сені көрдім бүгін түсімде
Сенің бейнең әлі менің есімде.
Ошағыңды айналшықтап жүретін
Жан едіңіз сондай берік төзімге.
Түсімде апа жолда кетіп барасың,
Айғайладым,
"Апа" дедім, қарасын.
Жүгіріп мен соңыңыздан барамын
Жақындатпақ ой мен жолдың арасын.
Көкем деген дауысыңыз естілді,
Сағыныппын шыныменен осы үнді.
Осыны ал да кері орал үйіңе
Деген апам маған алау ұсынды.
Жанған оттан алақаным күймеді
Алау оттың өрлеп жанды өрнегі
Жел үрледі
Жаңбыр жауды сөнбеді...
Осылайша көрдім апа түсімде
Сәуле беріп кеттіңізбе ісіме
Қолдап жүрген сенуші едім шынымен
Ғажайыбы мол құдірет күшіне.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61