Hi-Tech

Tesla: Алматыда жылдам зарядтау станциялары іске қосылады

Қалада Tesla-ның аса жылдам зарядтау станциялары пайда болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tesla ұсынған Supercharger аса жылдам зарядтау станциялары Алматыда іске қосылады. Уақыты да белгілі болды. 2019 жылдың 20 желтоқсанында қалада станциялар жұмыс жасай бастайды.

Илон Макс Model Y жаңа моделін таныстыру кезінде Tesla Supercharger-ті Қазақстанда орнатамын деп уәде етті.  Соның нәтижесінде осы жылдың қараша айында Нұр-Сұлтанда алты зарядтау станциясы пайда болды. Ал желтоқсанда Алматыда пайда болады деп күтілуде. Бұл туралы станциялар орналасатын Esentai Mall компаниясының баспасөз қызметі жариялады.

Esentai Mall ішкі паркингінің P1 деңгейінде төрт Supercharger станциясы орнатылған.

Хабарламада Tesla Supercharges-тің Қазақстанда іске қосылуы компанияның Лондон-Қытай бағыты бойынша географиялық орналасуын кеңейту жоспарындағы бір бөлігі екені айтылды. Ол жерде айтылғандай, Tesla Supercharger өте жылдам зарядтау станциялары Model S, Model X және Model 3 модельдерін бір сағат ішінде зарядтайды.

Tesla Supercharges мейрамханалар мен WiFi нүктелеріне қолжетімді инфрақұрылыммен жабдықталған жерде орналасады. Tesla Supercharges барлық орналастыру нүктелері автомобильдерде орнатылған тачскриндер дисплейінде көрсетілген.