Экономика
Алматылықтар қорға 48 млрд теңге аударды
Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, Алматы қаласы жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан республика бойынша көш бастап тұр. Қорда жинақталған қаржының бестен бір бөлігі алматылықтарға тиесілі екен. Бұл аралықта Алматы қаласынан аталмыш қорға 48 млрд теңгеден астам жарна аударылыпты. Оның 45,5 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Оңтүстік астана бойынша 1 млн 428 мың адамның атына жарна түсіпті.
Сонымен қатар осы жылы өзін жұмыспен қамтамасыз еткен 5136 адам 17,6 млн теңге бірыңғай жиынтық төлем төлепті.
Бірыңғай жиынтық төлем Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарында енгізілді. Жиынтық төлемдердің қатарына әлеуметтік төлемдерден бөлек сақтандыру жарнасы да көрсетілген. Ол жалпы соманың 40 процентін құрайды.