Саясат

Шымкент қаласы әкімі бюджет қаржысын уақытында игеруді тапсырды

Ерлан Айтаханов

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл соңына дейін бюджет қаржысын толық игермеген басқарма басшылары жауапкершілікке тартылады. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әкімдікте өткен аппараттық мәжілісте салалық басқарма жетекшілеріне осындай ескерту жасады.

Мәжілісте 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қала әкімі басқарма басшыларына жұмысты ширатуды, биылғы кіріс жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етуін тапсырды. Сондай-ақ, 2019 жылғы бюджетте қаралған қаржыны 20 желтоқсанға дейін толық игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді, жыл қорытындысымен бұл жұмыстар толық орындалмаған жағдайда бірінші басшыларға қатаң тәртіптік шара көрілетінін ескертті.