Саясат

Алматыдағы жастар ұйымдары қалай жұмыс істеуде?

Жастарға артылған жауапкершілік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы көзінде оты, жүрегінде сенімі бар «мен» дейтін жастар мекені. Жыл сайын алып шаһардың төрінде түрлі сынақтан қорықпай, арманына қанат бітіріп, биік мақсатты көздеп келетін жастар бас қосады. Алматының күні де, түні де, суығы мен ыстығы да әсем қаланың жасы мен кәрісіне күн сайын шабыт беріп, өзіне ғашық қылдырудан шаршамайды. Алматы кез келген жастың бос жүруіне мүмкіндік бермейді. Бұл мекеннің адамдары күндіз-түні тынымсыз әрекет етуде. Барлығы күн сайын арманына бір қадам жақындап, діттегенін жүзеге асырсам дейді. Иә, қай заманда да елдің ақыл айтар аға буындары өзінен кейінгі жас буынға сенеді. Өздері жасап үлгермеген дүние мен өзгерісті жастарға сеніп тапсырады. Бүгінде сол сенімге сергелдең келтірмей күн сайын үздіксіз дамып, елдің болашағына шынайы алаңдайтын жастар өсіп келеді. 

Қазіргі кезде Алматыда жастардың еңбек етуіне, олардың белсенді болуына жағдай жасайтын ұйымдар жұмыс істеуде. Қаладағы жастармен байланыс орнататын бұл ұйымдар студенттердің әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетіп, рухани дамуына байланысты түрлі шаралар ұйымдастырып тұрады. Осы орайда, жастар саясатын дамытуда қызмет атқарып жүрген қоғам белсенділерінің жұмысы жайлы айтуды жөн көрдік. Бүгінде жастар ұйымдары қалай жұмыс істеуде?   

Шұғыла Бүрлібаева, әл-Фараби атындағы «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы

«Сұңқар» студентттер мен магистранттар кәсіподағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастарына 1999 жылдан бері студенттерге әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғап қана қоймай жастардың өзіндік дамуы, бос уақытын тиімді пайдалану жолында аянбай еңбек етіп келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2019 жыл – жастар жылы болып жарияланды. "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының 20 жылдығы да осы жастар жылымен тұспа-тұс келді. Бізде әр апта, ай, маусым сайын өткізілетін шаралар қатары өте көп. Ол жобалардың бәрі студенттердің 4 жыл бойы тек білім жағынан ғана ой-өрісін дамытып қоймай, қоғамдық өмірге белсене араласуына себепші болу. Жобалар қайырымдылық, спорттық, рухани тұрғыдан даму негізінде ұйымдастырылады. Жылдың басында тілдер мерекесіне орай, студенттердің қазақ тіліне деген құрметін арттыру мақсатында "Бауырсақ party" жобасын ұйымдастырдық. Мақсаты – ана тіліміздің дамуына қандай да бір үлес қосып, бай тіліміздің қыр-сырын жастар санасына сіңіру арқылы өз тіліне деген патриоттық сезімді ояту. Бұл күні оқу орнына келген әр студент қазақ тілінде мақал-мәтел айтып, бауырсақтан дәм татады. Біздегі ұйымдастырылатын жобалар білімді және өнерлі жастардың талабын шыңдап, бағын жандыруға негізделеді. Және сонымен қатар үш тілді саясат негізінде ағылшын тілінде "Movie club" бағдарламасы арнайы кинотеатрда көрсетіледі. Бізде2018 жылдан бастап рухани жаңғыру аясында "ҚазҰУ студиясында" жобасы басталды. Жобаға көпке үлгі болатын белгілі тұлғалар қонақ болып қайтады. Сонымен қатар ірі жобаларымыздың бірі - "Smart Students Project" жобасы. Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін қалалық деңгейдегі бұл жоба жайдарман ойындарына негізделген. Мақсаты - смарт оқу орнына лайықты смарт студенттерді даярлау. Университеттегі ауқымды жобалардың бірі саналатын SSP ойындарында әр команда әзіл-қалжыңымен қатар, смарт жобаларды ұсынуға тиіс.

Салауатты дене мәдениеті» жобасының аясында «Сұңқар кубогі» атты мини-футболдан жарыс және қыздар арасында «Сұңқар кубогі» волейболдан турнир ұйымдастырады. Салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын жоба. Еріктілерден құралған командалар футбол ойыны арқылы өзара бақ сынайды. Соңғы кездері қатысуға ниет білдірушілер саны артуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарлаамасы аясында жыл сайын өткізілетін“Book world” жобасының мақсаты – жастарды көп кітап оқуға насихаттау. Қазақ әдебиетімен бірге заманауи прозамен таныс болуға шақыру. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақтың салт-дәстүрлерінен де хабардар болуға үйретеді.

Жасұлан Бостандық, «Алматы студенттер альянсының» төрағасы

«Қазақстан студенттер альянсы» 2005 жылы 14 сәуірде құрылды. Өз құрамында біршама студентті қамтиды. Жалпы, бұл Қазақстан Республикасындағы барлық студенттің басын біріктіретін бірегей ұйым. Студенттер альянсының құрылу мақсаты – еліміздің мемлекеттік жастар саясаты негізінде студенттердің қоғамдық белсенділігі мен патриоттық сезімін арттыру, олардың тұрмыстық–әлеуметтік жағдайын, құқықтық және экономикалық мүдделерін қорғау. Сонымен қатар әр жоғары оқу орындарында студенттермен тікелей байланыс орната отырып, олардың жан-жақты дамуы мен өздерін қалыптастыруда барынша көмектесу. Студенттер альянсы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында студент жастар арасында белсенді топ болып саналатын, болашақта потенциалы жоғары жастарды тәрбиелеу. Бұл ұйым студенттердің әлеуметтік құқықтарын қорғау, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал жасау, патриоттылығы мен азаматтылығын дамыту, оларды жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға қатыстыру, сонымен қатар оқу - тәрбие және ғылыми - зерттеу үрдістерінің жұмысын жақсартуда өз үлесін қосу бағыттары бойынша қызмет атқарады.

Студенттер альянсы студенттердің жатақхана мәселелерін, оқу, даму үдерісін, білім беру бағдарламалары бойынша жан-жақты қамтиды. Қазіргі таңда тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігімен бірлесе отырып университеттегі білім беру бағдарламасына көңіл бөлеміз. Сонымен бірге білім және ғылым министрлігі жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, бес әлеуметтік бастама негізінде салынған жатақханаға мониторинг жүргіземіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесе отырып таза сессия кезінде студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәселесі бойынша жұмыс істейміз. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындарында «Таза сессия» шарасын өткіземіз. Бұл шараның негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Біз Президент жолдауында ең бірінші Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың негізге алған бес әлеуметтік бастамасы мәселесінде студенттерге бөлінген грант, жатақхана мәселелері тікелей бізге қатысты. Осыған қатысты біз жоғарыда айтып өткен бес әлемуметтік бастама негізінде салынған жатақханаларда мониторниг жүргізіп, студенттердің тұрмыстық әлеуметтік жағдайына тікелей бақылау жасап отырамыз. Тек жаңадан салынған емес барлық жатақханалармен байланыстамыз. Яғни, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, рейдке және мониторингке шығып отырамыз. Біз кез келген президент жолдауы болсын назардан тыс қалдырмай, оны тікелей жастар арасында кеңінен насихаттауға және оны жастарға түсіндіруге барынша жұмыс жасаймыз.

рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау шеңберінде және оны жастарға жеткізу барысында жақсы жұмыстар атқарылды. Биыл жастар жылы, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері өткізілді. Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі көзі – жастар. Сонымен қатар жастардың рухани дамуына тікелей септігін тигізетін, олардың патриоттық отансүйгіштік сезімі. Елбасымыз өзінің жолдауында, яғни жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Жас сарбаз» ұйымын құрғаны белгілі. Сол бағытта тікелей іс-шаралар жасалып жатыр. Соның айқын бір дәлелі «Жігер» әскери-патриоттық лагері. Лагердің бір ерекшелігі – бұл идеологиялық бағытта өткізілді. «Айбын» тікелей спорттық бағытта жұмыс атқарса, бұл жолғы лагердің негізгі бағыты әскери-идеологияны көздеді. Яғни, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тікелей жүзеге асырушы негізгі жоба деп айтуға болады. Өйткені біз жастарды рухани дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуде бағдар көрсеттік. Сонымен қатар жоба барысында жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша бірнеше іс-шаралар кешені жүзеге асып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан құрметті тұлғалармен кездесу, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сағаттар, пікірталас алаңдары, арнайы әскери жаттығу мен тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Жалпы, республика бойынша 14 облыстан және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан жастар келіп қатысты. Белсенді жастар бұл лагерьден өздерінің ой-өрісін дамытты деген ойдамын.

Барлық Нұрсерік, ZhasProject жобасының Алматы қаласы бойынша жетекшісі

Қазіргі таңда Zhasproject жастар корпусын дамыту жобасында жұмыс істеймін. Жоба Қазақтанның 6 өңірінде жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Алматы қаласы бойынша осы жобаның жетекшісімін.  Zhasproject жастар корпусы – дүниежүзілік  қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге тартып, қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы жастарды тәрбиелеу, бағыт беру. Жастардың өз кәсібін ашуға көмектесу және әлеуметтік салаға өз үлесін қосу. Бұл жобаға қатысу үшін әрбір жастың жобаны іске асыру өңірінде тұрақты мекенжайы болуы міндет. Ал оқушылардан басқа жас мөлшері  14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатысып, бағын сынай алады. Жастар бұл жобадан үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Ойда жүрген ісін қолға алып, біздің тараптан қолдау табады. Оны қазіргі таңда белсенді жастар практика жүзінде көрсетіп жүр.

Алматы қаласында Zhasproject жобасы 2019 жылы іске асырылды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында да өз жұмысын бастады. Жобаға 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысып, белсенділік танытты. Үш кезеңнен тұратын іріктеуден өткен қатысушылардың әлеуметтік жобасына 1 000 000 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Жоба іске асырылған алты аймақта 3508 қатысушылар және 1063 әлеуметтік жобалар жасалынды. Оның ішінде Алматы қаласында 226 жас 67 әлеуметтік жоба жасады. 2019 жылы әлеуметтік жобаларды жасауға бөлінген қаржының көлемі Алматы қаласында 170 122 188 миллион теңгені құрады.