Саясат

Ерлан Айтаханов: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс!

Заңға толықтыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов аппараттық мәжіліс отырысын өткізіп, жемқорлықпен күрес жайлы баяндады. 26 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа толықтырулар түсіндірілді.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлық – ең өзекті мәселе екенін айтқан қала басшысы бұл "індетпен" жұмыла күресу керегін баса айтты.

- Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс! Әрине, ең алдымен бүгінгі жас, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасында тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім, - деді Е.Айтаханов.

Мәжіліс соңында Ерлан Қуанышұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығарып, нәтижелі жұмыс атқаруды міндеттеді.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша орындалмаған салалық индикаторлар бойынша жетекшілердің қызметтік жауапкершілігі қаралатынын да ескертті.