Weekend

Шымкенттік полицейлер Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті

Қауіпсіздік мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Тәртіп сақшылары басқосуда жастар арасында есірткіні қолданудың алдын алу мен әлеуметтік желілерді қауіпсіз қолдану мәселелерін сөз етті.

Кездесуде жасөспірімдерге есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына байланысты туындайтын жауапкершілік туралы айтылып, осы жайлы арнайы дайындалған ақпараттық фильм көрсетілді. Полиция қызметкерлері өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, рухани және патриоттық тәрбие туралы айтып өтті. Оқушыларға есірткі заттарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын қолданудың зияндығын түсіндірді. Және оларды сақтау және таратуға қатысты қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Қоғамда арампиғылдылардың ғаламтор желісі арқылы психологиялық әсер ету мүмкіндігі туралы ескертті. Кездесу соңында мектеп оқушылары полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61