Weekend

Шымкентке келуші туристтердің саны жыл сайын өсуде

Орталық Азияның туризм қаласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының мақсаты – Шымқаланы Орталық Азиядағы туристтік мекенге айналдыру. Қала әкімшілігінің бұл мақсаты біртіндеп орындала бастаған сыңайлы. Бұған қалалық туризм басқармасы мамандарының пікірі дәлел бола алады.

Басқарма мамандарының айтуынша, Шымкент қаласына келуші туристтердің саны жыл сайын 30 пайызға өсуде.

- Менің туризм саласында жұмыс істеп келе жатқаныма 17 жылдай уақыт болды. Қонақ үй, туристтік фирмада жұмыс істеген кездерім болды. Осы уақытты алып қарайтын болсақ, Шымкент қаласы 17 жылдың ішінде кәдімгідей өзгеріп шыға келді. Туризм саласындағы даму мен тенденция да ерекше. Біздің статистикалық деректерге сүйенсек, Шымкент қаласына келуші туристтердің саны жыл сайын 30 пайызға өсіп отырады. Оны ашылып жатқан туристтік фирмалар мен салынып жатқан қонақ үйлерге қарап-ақ түсінуге болады, - дейді Туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.