Weekend

Шымкент қаласының туристтік әлеуетін қалай бағалауға болады?

Қонақ үй мен сервис

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аталмыш сауалға жауап берген Шымкент қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы шымшаһардың шетелдік қонақтарды тартудың бірнеше артықшылығы бар екендігін айтты. Маманның айтуынша, Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің сервисі мен стандарт-үлгісі шетелдіктерді тартуға қауқарлы.

- Қазіргі уақытта Шымкентте халықаралық деңгейде қызмет көрсететін, әлемге танымал төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер бар. Олардың деңгейі халықаралық үлгіге сай келеді деп айтудан қорықпаймын, - дейді Туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.  

Одан бөлек, Шымкент қаласы Орталық Азия аймағындағы сауда-саттық пен шопинг-турдың орталығына айналуда.

- Қаламызда жыл сайын, әйтеуір, бір сауда орталығы ашылып жатады. Оның ішінде тек сауда сататын бутиктермен бірге балалар алаңы, кинотеатр сынды ойын-сауық нысандары да қатар салынуда. Мәселен, Жамбыл облысы мен Қызылорда облысынан, жақын жатқан Өзбекстаннан Шымкент қаласының сауда орталықтарына келіп сауда жасаушылар көп, - дейді Қалқабаев.

Кейде қалаға келген қонақтарды бақылау үшін қонақ үй мен сауда орындарын аралайтын әдетім бар. Сонда қалаға келушілердің қалай көбейіп жатқанын көзіммен көремін. Мұны қала азаматтары да сезінуде.

Маманның айтуынша, Шымкент қаласындағы қонақ үйлер мен мейрамханалардың соңғы уақытта сервис желісі де дамып, әлемдік деңгейге жеткен.

- Шымкент халқы – жалпы қонақжай халық. Қонаққа деген сыйластығы ерекше. Бұрында Шымкент қаласында сервис айтарлықтай қызметтік желі болған емес, тек қонақжайлығы да болды. Ал қазіргі уақытта сервис жақсы дамып жатыр. Жергілікті кәсіпкерлер де сервис құрмай, оны дамытпай үлкен табыс таба алмайтынын түсінді. Сервис жақсы болса, келушілердің де көп болатынын біліп отыр, - дейді бөлім басшысы.