Weekend
Жиі қойылатын сауал
Аталмыш сауалға жауап берген Шымкент қалалық туризм басқармасының мамандары қазақстандықтар мен шетелдіктерді Шымкентке тартатын гастротуризм мен сакральды орындар екендігін айтады.
Әсіресе, асхана туризмнің Шымкент қаласы үшін маңызы өте зор.
- Ең алдымен, Шымкент қаласы дегенде дәмді әрі арзан тағам ойға оралары хақ. Одан кейін жылы, жайлы климат көзге елестейді. Ассоциация сондай. Шымкент қаласына алыс-жақын елдімекен мен шетелден дәмді ас ішу үшін келеді. Одан кейін, сауда-саттық жасау үшін, - дейді Туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.
Одан кейін, Шымкент қаласына туристтерді тартатын дүние – Түркістан қаласына қарай жол тартатын киелі орындарға сапардың Шымкент қаласынан басталатыны.
- Шымкент қаласының маңындағы Сайрам ауданында Түркістанда кесенесі орналасқан Қожа Ахмет Ясауидың ата-анасының кесенелері орналасқан. Қазақстанның оңтүстігінде қажылық бағытына кіретін ең қастерлі екі мавзолей Сайрам аумағында орналасқан. Бұл – Қожа Ахмет Ясауидің ата-аналары Қарашаш ана мен Ибрагим ата кесенелері, түркі халқының қасиетті мекені, - дейді Азамат Қалқабаев.