Weekend
Көне қала
Бүгінгі Шымкент – бұл көлемі жағынан ірі республикалық дәрежедегі қала, еліміздің мегаполисі. ҚР Президентінің осындай дәреже беру жөніндегі жарлығы 2018 жылғы 19 маусымда жарияланды.
Енді Қала күні мерекесі осы күні тойланатын болды.
Шымкенттің жер аумағы бас жобаға сәйкес – 117 мың гектар. Салыстыру үшін айтсақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 100 мың гектарға жетпейді.
Шымкентте ресми түрде миллион, ал бейресми түрде одан біраз көбірек адам тұрады.
Шымкенттегі ең көне құрылыс ретінде қазба жұмысы жүргізілген қамалды қоспағанда ХІХ ғасырдың орта шенінде тұрғызылған Ескі қаладағы Жәми мешітін атауға болады. Оған жақындау жерде «уезд бастығының үйі» сақталып қалған. Айтар болсақ, қорғандарды 2018 жылдың екінші жартысында басталған аса ірі маштабтағы археологиялық қазу жұмысы тарихи қаланы қалпына келтіру және қайта жасақтау арқылы жалғасып келеді. Жобада қамалды ХІХ ғасырдың ортасындағы сызбалар мен суреттердегі қалпын сақтай отырып, қайта жасап шығу қарастырылған.
Қалпына келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін қамал-қаланың тек Шымкент үшін ғана емес, бүкіл ел бойынша саяхатшылардың брендіне айналарына сенім мол.
Шымкенттің ең ескі сауда орталығы – «Жоғарғы базар». Тұрақты сауда орталығы ретінде бұл базар қазіргі Ордабасы алаңының орнында 150 жыл бұрын пайда болды да кейіннен қазіргі тұрған орнынан ауыстырды. Бұл 1928 жылы болды. Сондықтан «Қырғы базар» 2018 жылы «ресми түрде» 90 жылдығын атап өтті.
Сақталып қалған екі саябақтардың ішінде ХХ ғасырдың басында салынған «Орталық» және «Кең баба» жатады.
Материал Шымкент қалалық туризм басқармасының мәліметтері арқылы дайындалды.