Weekend

Шымкенттегі хайуанаттар бағы қашан салынды?

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастамасымен дендробақтың іргесі қаланған болатын. Содан кейін бір жылдан кейін, яғни, 1980 жылы хауанаттар бағы салынды. Бұл хайуанаттар бағын құрудың да бастамасын көтерген Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров болды. Хайуанаттар бағының ресми түрде ашылуы 1980 жылы сәуірде болды.

Алғашында 75 жануар болған еді. Қазір 350 жануар бар. Шымкент хайуанаттар бағы тек жануарлардың түрін жинақтап қана қоймайды, оларды көбейтіп, «Қызыл кітапқа» еніп, жоғалып бара жатқан жануарларды аман алып қалуға қызмет етуде.

Хайуанаттар бағының жер аумағы 540 мың шаршы метр десек, оның ішінде 340 мың шаршы метрі экспозиция көрсетуге арналған. Бүгінде хайуанаттар бағында 1700 хайуанаттың 250-ден астам түрі бар. Оның ішінде сүт қоректілер, қос тұяқтылар, бауырмен жорғалаушылар және маймылдың түрлері бар. Сүтқоректілердің ішінде хайуанаттар бағында аяды, леопард пен арыстарды көруге болады.

Бақтың төріне қарай тереңірек арнайы қоршауда орангутан, шипанзе, бабуин сынды маймылдар бар.

Сонымен бірге, бегомот, бизон, түйе, жираф мен киік жануарлар мекендеуде.

2015 жылы қазанда хайуанаттар бағына тұңғыш рет сирек кездесетін көк түсті қой әкелінді. Бұдан басқа хайуанаттар бағының аумағында балықтың 510 түрі өсетін аквариум қойылған.

Ал тағы бір ескеретін нәрсе – жануарларға берілетін азық сол хайуанаттар бағының өзінде өсірілетіндігі. Ал бұл бақты күтуге кететін қаржыны әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Материал Шымкент қалалық туризм басқармасының мәліметтері арқылы дайындалды.