Weekend
Жеңіл өнеркәсіп
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Тоқыма және тамақ инженериясының заманауи тенденциялары» атты бірінші халықаралық форумы өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған шараға Латвия, Украина, Түркия, Малайзия және Иран елдерінен арнайы қонақтар келді. Мамандар студенттерге тоқыма және тамақ саласындағы өндіріс технологиясы жайында дәріс оқитын болады.
Бұл күні мәртебелі меймандар мен университет студенттері үшін өндірістік орындарда жасалған тоқыма және тамақ өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Аталмыш шараға «Shymkent» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы», Халықты жұмыспен қамту орталықтары қолдау білдірді.
Оның бірден бір себебі, бұған дейін университет басшылдығы аталмыш өндіріс орындарымен өзара келісімге келген. Меморандумға сәйкес, оқу ордасының шәкірттері осы кәсіпкерлік нысандарда тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналастыру жайы көзделген. Айтып өтейік, бүгінде елімізде тоқыма және тамақ өнімдері өзекті болып отыр. Осы тұрғыда ОҚМУ-дың жұмысы да жүйелі.