Weekend
Жастар жылы
27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар жылы» аясында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен «Ұлы дала жастары: бірыңғай ұлт болашағын қалыптастыру» атты республикалық конференциясы өтті.
Конференция қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің "Юриспруденция" мамандығының студенттері, "Sanaly úrpaq" клубының мүшелері А. Мырзатай, К. Утеғалиева, М. Ходжамуратова "Жас қыран 2019" талантты студенттер кітап жинағына еніп, төсбелгі мен дипломдармен марапатталды.
Аталған белсенді студенттер 2019 жылдың қорытындысы бойынша республика деңгейінде "Үздік студенттер" қатарына енді.