Weekend

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Саналы ұрпақ» бойынша конференция өткізді

Жемқорлыққа қарсы сана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

19 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен  Әл Фараби атындағы ҚазҰУ арасында бейне байланыс конференциясы өтті.

Конференция мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Саналы ұрпақ»  және «Ізгілік елшісі» жобаларын жүйелі ұйымдастыру үшін қала ЖОО мен колледждері өкілдерінің басын қосып, әдістемелік көмек беру.

Конференция барысында республикалық «Саналы ұрпақ»  жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Токушев және «Ізгілік елшісі» жобасының жетекшісі А.Сәбитова жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелері мен басымдық беретін бағыттары бойынша тәжірибесімен  бөлісті.

«Шымкент Адалдық алаңы» жобасының  жетекшісі Ерасыл Әшірбайұлы алдағы жұмыс жоспарларына мұқияттылық танытуға шақырып,  конференция жұмысын қорытындылады.