Weekend

Мәңгілік ел: Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел

Дінаралық татулық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылы 18 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Дін – «Мәңгілі Ел» идеясы тұғырларының бірі»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелді  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты – Студент жастар арасында жаһандағы дінаралық татулық барлығынан да аса маңызды сипатқа ие екендігін түсіндіру.

Дөңгелек үстелдің  модераторы М.Әуезов атындағы ОҚМУ  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының бас маманы Аблаев Серік Биқожаұлы жүргізіп отырды.

Дөңгелек үстелге  Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы,  Заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы  PhD доктор Бекбосынов Ермек Төленұлы, Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы » Дін мəселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы Заманханов Бауыржан қатысты.