Weekend

Алтын белгінің ақиқаты және кәсіби маман

Білімпаз ұрпақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздігіміздің болашағы – білімі мол, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Білімпаз ұрпақты, талапты түлектерді демеу үшін бар жағдай жасалуда. Білімге салынған қаржы – болашаққа құйылған инвестиция.

Алтын белгі атану әрбір оқушының арманы. Бірақ ол жолда үлкен тер төгіп, еңбек етуің керек. Жақсы оқыған білімді адам болашақ – кәсіби маман. Кәсіби маман болуың үшін жақсы білім алуың керек. Білімді болу үшін «алтын белгі» болу міндетті емес, бірақ ол сенің көрсеткішің. 

Жыл сайын елімізде «алтын белгіге» үміткерлер саны артуда. Және 5000-нан астам оқушылар «алтын белгі» иегері атануда. Оқушылар студент атанып, үлкен өмірге қадам басады. Сол үлкен өмір жолында өздерін дәлелдеп шығуы керек, әсіресе «алтын белгілер». Оқушы кезде бәріміз «алтын белгі» иегерлеріне ерекше көзқараспен қарағанымыз жасырын емес. Үлкендерге ұқсағымыз келеді, олар жеткен жетістіктерге қол жеткізгіміз келеді. Сол үшін де биікке ұмтыламыз. 

Ал соған жетуге қадам жасағандар міндетті түрде мақсатына жетеді. Кез-келген жұмысқа кәсіби мамандар керек. Мектепті алтынмен, оқу орнын үздік бітіріп, жұмысында жақсы жетістікке жетіп жүргендер көп. Бізге олар жігер беруі керек. Үлгі алуға, кәсіби маман болуға ұмтылғанымыз жөн. Бастысы жастардың білімді, жан-жақты болғаны дұрыс.