Спорт
Жыл сайын өтеді
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан әуесқой футболшылар арасындағы «Шымқала лигасы» өз мәресіне жетті. 10 айға созылған турнирде 3 категория бойынша үздік командалар анықталып, кіл мықтылар марапатталды.
Ақпан айынан бастау алған тартысты турнир жоғары деңгейде өткізілді. Осы аралықта 1520 әуесқой футболшылар 3 категория бойынша, атап айтқанда, 18 бен 40 жас аралығындағы спортшылар жүлделі кубокты сарапқа салды.
- Біздің турнир 5 жылы өтіп жатыр. Лига ішінде біздің мақтаныштарымыз бар. «Стандарт» деген командамыз бар. Олар кіші Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, үшінші орын алды. Бұл үлкен жеңіс деп ойлаймын. 2020 жылы Түркістан облысы бойынша ашамыз деген ойымыз бар. Және Өзбекістан мемлекеті мен Шымқала лигасын ойнатсақ деген ойымыз бар, - дейді Әуесқой футбол лигасының президенті Талғат Әмірбеков.