Weekend
Сот залынан спорт залға
Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облысы мен Шымкент қаласының судьялары өзара футбол жарысын өткізіп, салауатты өмір салтын көрсетті. Ұйымдастырған Түркістан облыстық судьялар одағы болды.
Фемида өкілдері бірнеше командаға бөлініп жарысты. Сот залынан шықпайтын судиялар осылайшы бір сәт жасыл алаңға шығып, ала доп тепті.
Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді жарысты ұйымдастырушылары.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан қомақты сыйлықтар және арнайы кубоктар мен алғыс хаттар тапсырылды.