Bugin

Шымкенттік көпбалалы отбасылар мен жастарға пәтерлер беріледі

Баспана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттік көпбалалы отбасылар мен жастарға жыл соңында пәтерлер беріледі. Жалдамалы 16 үйдегі пәтерлер 450 жанұя мен 904 жасқа тапсырылады.

Қала басшысы Ерлан Айтаханов тұрғындарға берілетін үйлерді аралап, олардың инфрақұрылыммен қамтылу мәселесін бақылады. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан шаһар басшысы тұрғын үйлердің сапасына және газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілу керек екенін баса айтты.

Баспаналардың сапасы мен қасбетіне мән беріп, құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтауды өз бақылауына алатынын атап өтті. Шаһар басшысы жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесімен қамтылуы тиіс екенін назарға алды.

Айта кетейік, аталған үйлер әкімшілік іскерлік орталық пен «Шымкент Сити» шағынауданында және Ақназархан, Гагарин көшелерінде орналасқан.