Bugin
Жастары көп қала
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖұмыс істейтін жастарға еліміздің үш қаласынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан жалдамалы пәтерлер беріле бастады. Ал Шымкент қаласында жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспаналарға құжат қабылдау уақыты аяқталды.
Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының хабарлауынша, биыл жұмысшы жастарға Шымкентте бралығы 904 пәтер берілмек. Ал осы уақытқа дейін 943 азаматтан өтініш келіп түскен екен. Енді олардың 904-і баспаналы болмақ.
- 943 құжат қабылданды. Миграция полициясы қызметі арқылы өтініш берген азаматтардың соңғы екі жылда мекенжайы бойынша тіркелгені анықталуда. Бес күнде құжаттар өңделеді. Өтініш берген азаматтың құжаттар жиынтығы арасында жетіспейтін құжаттар болса, қайта толықтырылады. Кейін әрбір өтініш берудің отбасы құрамы, еңбек өтілі, жетістіктері ескеріліп балдар есептелінеді, - деді Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Ордабекова.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61