Weekend

Ерлан Айтаханов: Оңтүстікке келген қонақтың саяхаты Шымкенттен басталуы керек

Киелі мекен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен туризмді дамыту жайына арналған мәжіліс өтті.

Жиында Шымкент қаласы туризм басқармасы тарапынан атқарылып отырған жұмыстардың есебі мен 2020 жылға арналған жоспары және аталған саланы дамыту бойынша бірқатар жаңа жобалар талқыланды.

Бүгінде аймақтық экономиканың қозғаушы күшін қалыптастыруда салмақты компоненттердің бірі ішкі және сыртқы туризм екенін айтқан қала басшысы Еуропаның дамыған елдерінің біразы осы мүмкіндікті өз пайдасына жаратып жатқанын айтты.

– Еліміздің үшінші мегаполисінде туристік кластерді дамытуға мүмкіндік мол. Ел ішіндегі және шетелдік туристер үшін аймақтың тартымдылығын арттыруға мәдени және тарихи ескерткіштеріміз де жетерлік. Климатымыз өте қолайлы. Түркістан облысындағы негізгі туристік орындар бір-бірімен өзара байланыста болып, Шымкент арқылы Сарыағаш, Түркістан, Отырар, Қазығұрт пен Самарқандқа және Бұхараға жалғасатын Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала туристік дәлізін қалыптастыруымыз керек, - деді қала әкімі.

Яғни, жылы өлке Оңтүстікке келген туристердің саяхаты Шымкент қаласынан басталуы тиіс. Сондықтан қалада бірнеше жерден ақпараттық дүңгіршектер қойып, туристік нысандарға қойылып жатқан QR паспортты орнатуды аяқтау қажет.