Weekend
Ономастика
Шымкент қаласында биыл 361 көшеге жаңа атау берілмек. Әсіресе, агломерат қалаға енді қосылған шалғай елді мекендердің көшелеріне жаңа атаулар беріледі.
Мұны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мәлімдеп отыр.
Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, қалалық мәслихат депуттардан құралған комиссия қаладағы шағын аудандарды мен олардың көшелеріне атау беру мәселесін қарап, 24 шағын аудан мен 361 көшеге жаңа атау беру туралы шешімге келген. Оның ішінде 305 көшенің атауы мүледм жоқ болса, 28 көшенің атауы қайталанып кеткен екен. Тағы 28 көшенің атауы ескірген.
Мәселен, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Абай Құнанбаев, Юрий Гагарин сынды көше атаулары бірнеше рет қайталып кеткен.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 97 шағын аудан мен 2100-нан астам көше бар.