Bugin
Жатақхана құрылысы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достастығы университетіне ат басын бұрып, жоғары оқу орнының тынысымен танысып қайтты.
Университетке кірген әкімі алдымен жоғары оқу орнының құрылуына 20 жыл толуына орай қойылған арнайы көрмемен танысты. Көрмеде әр кафедраның профессорлары мен оқытушыларының, студенттерінің ғылыми еңбектері, инновациялық жобалары мен макеттері, ғылыми жұмыстарының нәтижелері, оқу құралдары мен сайыс кезінде жеңіп алған кубоктары қойылған.
Шаһар басшысы мұнан соң жоғары оқу орнының ұжымымен тілдесіп, қаланың экономикалық-әлеуметтік жағдайының дамуы жолында ғылымды тәжірибемен ұштастыра отырып, бірігіп жұмыс атқаруды ұсынды. Әкім өз кезегінде ұжымға сәттілік тілеп, бүгінгі таңдағы білім беру жүйесін жақсарту, жетілдіру бағытындағы басты міндеттерге тоқталды.
Айта кеткен жөн, қазір аталмыш жоғары оқу орны жатақхана салумен айналысып жатыр. Салынып жатқан жатақхана жұмысымен танысқан қала әкімі құрылысқа әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін тілге тиек етті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61