Weekend
Спорт - денсаулық кепілі
Бұл шараның ұйымдастырылуындағы басты мақсат жас буынның спортқа деген қызығушылықтарын оятып, салауатты өмір салтына баулу. «Спорт – денсаулық кепілі» деген мақалды ұстана отырып, Тәуелсіз Қазақ елінің болашағы үшін дені сау ұрпақты тәрбиелеп, ертеңге сеніммен қарау.
Бұл жолы жарысқа арнайы шыңдалған спортшылар емес, шаңғы тебуге қызығушылық танытқан оқушылар бақ сынасты. Жастары кіші болғанымен, спортқа деген құлшыныстары олардың шеберлігін көрсетті. Балалар тек шаңғы теуіп қана оймай, таудың таза ауасында ой сергітіп, біраз демалып қалды. Оқушылардың ата-аналары мен жақындары оларға қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. Тартысты жарысқа 10-12 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.
Жаттықтырушы ұстаздар алғашқы күні балаларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, шаңғыны қалай киіп, қалай құлау керектігін үйретеді. Содан соң әр бала жеке-жеке жаттығатын болатын. Ал 4 сабақтан кейін балалар өз бетінше дайындалады. Осылайша шаңғы тебуді үйреніп кетеді.