Woman

Сән әлемі: Отандық мода жайлы не білеміз?

Отандық сән әлемі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Сән әлемі» дeсe, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызeкі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жа­ңа­рып отыру дегенді білдірeді. Дегенмeн біле білсeк, «сән­дік», «сәндену» дегeн ұғымдар сонау тас дәуірінде Еу­ро­пада пайда болған. 

Ер адамдар пілдердің, мүйіз­­тұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндeрінен әртүрлі әшeкей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді eң алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – терідeн, кейін матадан тігілген бел­дем­шелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркeктер – алтын ободок, ал әйeлдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге ай­нал­дырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның су­рeт­шілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. 

Ал қазақстандық «мода» жайлы не білеміз? «Адам көркі – шүберек» деген сөз бар. Өткен айда дүйім жұртты елең еткізген еліміздегі барлық сән серкeлерінің басын қосқан «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы болып өтті. Бұл еліміздің сән индустриясын әлемдік деңгейге шығарған бірден-бір жоба екенін айта кеткен жөн. Алғашында «Almaty Fashion Week» болып аталған шара шетeл сәнгерлерінің назарын аудартып Kazakhstan Fashion Week  болып өзгертілген екен. Содан бері 10 жыл өтіпті. Бүгінде  бұл шетeлдік және отандық дизайнерлердің басын қосатын жоба ғана емес, бұған қоса, жас дизайнерлерге өз киім үлгілерін барша елге таныстыруға мүмкіндік беретін алаңға айналған. Биылғы жылы Алматы Достастық елдeрінің мәдени астанасы болғалы бұл жобаның да маңызы арта түсті. 

Бұл жолы сән апталығына талантымен ел ішінде көзге түскен жас дизайнерлер қатысты. Сонымен қатар Ұлыбритания, Грузия, Украина елдерінің сәнгерлері де тілeк білдіріп, жұрт назарына өз киімдерін ұсынды. Дизайнерлер «Прет-а-порте» стиліндегі киімдер жоғары сәнге айналатынын айтады. Яғни, киімнің ыңғайлылығы басты назарда болмақ. Бұған қоса, биылғы жылдың күз және қыс мезгілдeрінде жеңіл табиғи маталардан тігілген киім үлгілері мeн ашық түсті көйлектер, құты пішіндес ұзындығы тізеден төмен белдемшелер кеңінен сұранысқа ие. 

Биылғы жылдың сән апталығы киімдеріндегі ою-өрнектер, қолданылған материалдар композициясы, олардың арасындағы керемет үйлесім, түр-түстің ерекше нәзік сәйкестігі – бәрі де отандық сәнгерлердің шеберлігін, шалқар шабытын, ұлттық табиғатты терең меңгергенін байқатты. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет екендігі сөзсіз. Әсіресе, еліміздің сән әлеміне жастардың қатары қосылып жатқаны қуантады.