Саясат
Қамалғандар саны шынайылыққа жанаспайды
Ғарыштан түсірілген аэросуреттерге қарай отырып ұйғыр белсенділері Қытайда 500-ден астам лагерь барын санап шыққан. Осылайша олар 1 млн адам лагерьде отыр деген статистика шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.
АҚШ-та орналасқан East Turkistan National Awakening Movement ұйымы өздерінің статистикаларын шығарған. Олардың айтуына қарағанда бір лагерьде 5000 адам отыр деген күннің өзінде, Қытайдағы лагерьлерде кемі 2500000 адам отыр.
- Өзге де жер астында жасырынған лагерьлер болуы мүмкін. Сондықтан ұсталып, қамалғандар, із-түссіз кеткендердің барлығы сол тар қапаста жатуы ғажап емес, – дейді ұйым мүшесі Кайл Олберт.
Қытайдағы геноцид барысында қанша лагерь салынып, қанша адам тұтқындалғанын дәл анықтау қиынға соғып отыр. Оның негізгі себебі ақпараттың құпия түрде болуында.