Саясат
Бұл шаралар қауіпсіздік жағдайларын егжей-тегжейлі қарау қажеттілігіне байланысты қабылданды
Саудиялық азамат АҚШ-тың Флорида қаласындағы әскери-теңіз күштерінің әуе базасына оқ жаудырып және оның салдарынан үш адам қаза болғаннан кейін, АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Сауд Арабиясының барлық студенттеріне жедел оқуды тоқтата тұруды бұйырды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі брифингте мәлімдегендей, жедел жаттығуларға қатысуға тыйым «әуе және жаяу әскерлер бөлімшелерінің студенттеріне, сондай-ақ әскери дайындықта жүрген барлық Сауд Арабиясының азаматтарына» қатысты боламақ.
Сонымен қатар сыныптардағы сабақтар, оның ішінде ағылшын тілі сабағы әдеттегідей жалғасатыны жеткізілді.
Пентагон өкілі мұндай шаралар қауіпсіздік жағдайларын егжей-тегжейлі қарау қажеттілігіне байланысты қабылданғандығын, кейін шығарылатын шешім АҚШ-та жаттығудан өтіп жатқан 5 мың шетелдік әскерилеріне қолданылатындығын атап өтті.