Саясат

Түркия: Егер Америка Түркияға санкция салса, онда Инжирликтегі базасын жауып тастаймыз

Түркия-АҚШ-Ресей

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егер ресейлік С-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуына байланысты Вашингтон Анкараға санкциялар енгізсе, Түркия жауап қайтару шараларын қолдануы мүмкін, деп мәлімдеді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

- Біз жағдайдың қаншалықты нашарлығын бағалап, шешім қабылдаймыз. Егер АҚШ Түркияға қарсы санкциялар қолданатын болса, онда «Инжирлик» (Түркияның оңтүстігінде орналасқан американдық база) және «Кюреджик» базалары бойынша мәселе күн тәртібіне түсуі мүмкін, - деді A haber телеарнасының эфиріне берген сұқбатында агенттік басшысы.

Мәскеу мен Анкара 2,5 миллиард доллар сомаға С-400-дің төрт дивизионын жеткізу бойынша Келісімшартқа қол қойған болатын. Келісімде тағы бір полктік жиынтықтың опционы да бар.

Түркия президенті Тайып Ердоғанның айтуынша, ресейлік жүйелер 2020 жылдың сәуір айында қару қатарына қосылады.

Вашингтон келісімнен бас тартуды және оның орнына американдық Patriot жүйелерін сатып алуды талап етіп, Түркияға ең соңғы F-35 жойғыш ұшақтарын сатуды кейінге қалдыруға немесе тіпті тоқтатып тастауға, сондай-ақ санкциялармен қорқытты. Анкара АҚШ-тың бұл талаптарынан бас тартқан болатын.