Саясат

Демократтар Трампқа екі бап бойынша айып тағуда

Билікті асыра пайдалану мен Конгреске кедергі келтіру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар президент Дональд Трампқа импичмент рәсімі аясында екі айып тағуға ниетті, деп мәлімдеді сот мәселелері жөніндегі Палата комитетінің төрағасы Джеррольд Надлер. Бұл туралы yandex.ru хабарлайды.

- Бірінші бап – билікті асыра пайдалану. Бұл президент өзінің қызмет өкілеттіктерін жеке бас пайдасы үшін пайдаланған кезде импичментке лайық бұзушылықтардың бірі, - деді ол.

Надлердің айтуынша, Трамптың өзі «Украинаға 2020 жылғы президенттік сайлауға араласу үшін оларға қысым көрсеткен».

Сонымен бірге президентті олар демократтар бастаған тергеу жұмысына араласты, Конгреске кедергі келтірді деп айыптап отыр. 

Надлер сондай-ақ, оның комитеті Өкілдер палатасының толық құрамын талқылауға импичмент бойынша ұсыныстар шығару үшін осы баптарды жақын арада қарайтындығын айтты.