Bugin
Шетелдік инвесторлар Алматының агро саласы мен IT саласына қызығушылық танытты
Almaty Invest форумына шетелден келген қонақтар қаладағы дамушы салаларға инвестиция құйғысы келеді. Үндістан кәсіпкерлерін IT саласы қызықтырды, тіпті қомақты қаржыны жақын арада құюға дайын екендерін айтты.
Біз негізінен технологиялық жобаларға қаражат құямыз. Қазірдің өзінде дүниежүзі бойынша біршама инвестициялық жобамыз бар. Ал Алматыда IT сандық технологияға, қоршаған ортаны қорғау салаларына инвестиция құйып, дамытпақпыз. Заманауи, жоғары технологиялық процестер пайдаланылатын кез келген бағыт бізді қызықтырады, - деді Tie Global ассоциациясының президенті Махавир Пратап ШАРМА.
Әріптестік аясын кеңейтуге Канада инвесторлары да ынта білдіріп отыр. Олар қаладағы климат жағдайы агроөнеркәсіп саласын дамытуға аса қолайлы екенін айтты.
Біз агроөнеркәсіп саласына инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Қазір Алматы әкімдігі тарапынан қандай бір ұсыныс күтіп отырмыз. Өйткені бізді қаланың қолайлы климат жағдайы қызықтырады. Бұл бағытта Қазақстанмен ынтымақтастық жүргізуге дайынбыз, - деді QUANTOTECH негізін қалаушылардың бірі Алисия Ван Дер Грачт.
Айта кетейік, Almaty Invest форумы - іскерлік байланыстарды орнатудың негізгі алаңы. Форумның қорытындысы бойынша $2,3 миллиард теңге болатын 31 келісімге қол қойылды.