Weekend

Шымкентте жастар форумы өткізіледі

Жастары көп қала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында 2020 жылы қазақ тіліне деген көзқарасты өзгерту мақсатында жастар форумы өткізілмек. Форум қазіргі жұмыс атауы – «Ұлы адамдар тілі».

- Жастар арасында қазақ тіліне деген жағымсыз пікір көп, оны артта қалған тіл деп санайды. Шымкент қаласында қазақ халқының ең үлкен пайызы тұрады әрі жастар да көп. Сондықтан Шымкент қаласында қазақ тілі танымал тіл болуы тиіс, - деп хабарлайды Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы.

Ал жастар форумының тақырыбын актуалды ету үшін оған танымал адамдарды шақыру қажет. Басқарманың жоспарынша, форумға Димаш Құдайберген, Қуаныш Шонбай сынды танымал, қазіргі жастарға үлгі бола алатын жастар шақырылмақ.