Bugin

Имамдар Алматыда бас қосты

Қоғам мен діни қызметкерлердің алдында өскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухына тәрбиелеу міндеті тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда "Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі" атты имамдардың аймақтық форумы өтті. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, форумда Қазақстан мұсылмандарының "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы талқыланды. 

Діни қызметкерлер жастардың деструктив идеялардың жетегінде кетпеуіне жұмыс істеп жатыр. Ондай идеяға ұрынбас үшін үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді, - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров. 

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай кажы Ораз патриотизм ұлтқа деген сүйіспеншілік екенін айтты.

Патриотизм Отанға, ана тіліне, дәстүр мен мәдениетке деген құрметтен бастау алады. Патриотизм шыңы - бұл өз ұлтына деген сүйіспеншілік, - деді Серікбай кажы Ораз.