Саясат

Жетісу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті. Жиында аудандағы коммунал инфрақұрылымды дамыту, жер телімдерін заңдастыру, су құбыры мен кәріз желісін тарту мәселелері қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу ауданында 2021 жылдың аяғына дейін 160 километр су құбыры мен кәріз желісі тартылады. Ол кезде, шамаман 10 мың үйдің тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қалаға 5 жыл бұрын қосылған Первомайский поселкесінде де су, коммунал инфрақұрылым мен жол мәселесі бар. Бүгінде оның бәрі "Жаңа Алматы" даму бағдарламасының "Шетсіз қала" қағидасына сай шешіліп жатыр. 

Ауданның өзекті мәселесінің бірі - Александр Палладин көшесі бойындағы жер телімдерін заңдастыру. Мұндағы 309 үйдің рұқсат құжаты жоқ. 52 үйдің құжаты жер комиссиясының қарауына ұсынылды, 47 құжат дайындалып жатыр.

Бұған дейінгі қала басшысымен кездесуде тұрғындар Қапшағай трассасының бойына жасыл желек отырғызу мәселесін көтерген еді. Нәтижесінде 500 түп ағаш отырғызылған. Оған қоса, Көкжиек, Көкмайса, Айнабұлақ, Құлагер ықшамаудандарына жыл басынан бері 4 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Jasyl Almaty үшжылдық жоба аясында аудан аймағына 30 мың ағаш отырғызылады.

Бұл проблеманың бәрі қала тұрғындарымен алғашқы кездесуде айтылған еді. Мәселелерді шешу үшін қаланың даму бағдарламасына түзету енгізіп,  бюджетті қайта қарадық. Мәселелерді тиімді шешу үшін аудан әкімдіктерінде "ашық есіктер" күнін белгілейміз. Олар тұрақты жұмыс істейді, - деді Бақытжан Сағынтаев.