Weekend

Шымкентте заманауи қолөнер көрмесі ұйымдастырылады

Жібек жолы бойындағы Шымкент

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жылы Наурыз мерекесінде Шымкент қаласында «Жібек жолы» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылмақ. «Көрме» залында өтетін шараға дәстүрлі қолөнер мен заманауи қолөнердің туындылары қатар қойылмақ.

- Шараның басты мақсаты Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Шымкент қаласының дәстүрлі көркем өнер туындыларын сақтауға, жинауға үлес қосу. Ұлттық халық шығармашылығын қолдау, дамыту және танымал ету және Қазақстан аумағындағы адамдардың өзіндік мәдениеті мен тұрмысының этнографиялық ерекшеліктерімен алмасу, - деп хабарлайды Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы.

Одан бөлек, дәстүрлі және заманауи қолөнер бағытында еңбек етіп жүрген өнер шеберлерінің шығармашылығын насихаттау және дәріптеу, кәдесый өнімдері нарығын қалыптастыру, кәсіби байланыстарды дамытуға жәрдемдесу және халықтың кең тобын шеберлердің шығармашылығына тарту сынды міндеттер де аталмыш көрменің миссиясына еніп отыр.