Саясат

Бақытжан Сағынтаев патрульдеуді күшейтудің нәтижесін тексерді

Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік сайын 1650 полиция қызметкері 550 бағыт бойынша патрульдеу жүргізеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Алматының полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев қала әкімдігінің аппарат жиынында айтты.

2019 жылдың 29 шілдесінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев полиция департаментіне патрульдеуді күшейтуді және полицияның жедел ұтқыр пунктілерін құруды тапсырған еді. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында қала басшысының тапсырмасы қалай орындалғаны баяндалды.

Серік Күдебаевтың айтуынша, Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік сайын 1650 полиция қызметкері 550 бағыт бойынша патрульдеу жүргізеді. Қылмыс көп болатын 32 учаске бойынша патруль полицейлерінің саны 350 адамға дейін көбейген. Бұл қылмысты 17,4% азайтқан. Аталған учаскелердегі қылмысты "ізін суытпай" ашу 11. 8 % артты.

Қылмыс көп болатын учаскелерде патрульдеуді күшейту пен полицияның жедел ұтқыр пунктілерін құру қаладағы қылмысты 11% азайтқан.

Тәртіп бұзудың белсенді түрде алдын алуға бағыттарды түзету және қылмыс жасалған жердегі немесе өзге учаскедегі қылмыстың деңгейіне сай патрульдеуді күшейту сияқты кешенді шаралар кірген. Алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыс одан әрі жалғасады, - деді Бақытжан Сағынтаев.