Weekend

Шымкент қаласының мәдени оқиғалары жайлы ақпарат беретін сайт құрылуы мүмкін

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кез келген мегаполистің туристерді тартуға бағытталған имидждік сайты болады. Соған байланысты Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени оқиғалар мен алдағы іс-шаралар туралы толық ақпараты бар жеке сайт құруды ұсынып отыр.

- Онда қаланың барлық көрікті жерлері, мұражайлар, театрлар, мәдениет ескерткіштері, іс-шаралар бағдарламасы орналастырылуы тиіс. Қоғамдық көлік пен такси қозғалысының маршруттары мен кестесі туралы ақпарат болуы тиіс. Бірақ сайт тек ақпараттық портал болмауы керек. Мұнда отандық туристік компаниялар маңызды іс-шаралар мен фестивальдер өткізу кезінде жолдамаларды ойнататын түрлі конкурстар өткізу қажет, - деп хабарлайды басқарма.

Жергілікті қонақ үй, дәмханалар мен мейрамханалар бонустық жеңілдіктер туралы ақпаратты орналастыра, мәдени мекемелер өз акцияларының басталу мерзімі туралы хабарлай алады. Бұл жерде барлық тілек білдірушілер өз әсерлерімен және ұсыныстарымен бөлісе алатын туристердің болек форумын құруға болады.

- Мұның бәрі туристер ағынын айтарлықтай арттырады, - деген ойда басқарма мамандары.

Сонымен қатар, бұл сайт арқылы іс-шараларға, спектакльдерге, концерттерге билет сатуға мүмкіндіктер ұйымдастырылмақ. Қаланың, өткізілген іс-шаралардың суреттері орналастырылады. Ал әкімшілік имидж тобы күн сайын контентті жаңартып, осы ресурстың алға жылжып тұруын  бақылайтын болады.

- Facebook, Instagram, VK, YouTube профильдерін одан әрі ақылы жарнамалап және SMM өңірлік пабликтерде жылжыту арқылы іске қосуды ұсынамыз. ТМД-ның ірі қалалары мэрлерінің кейбір кеңесетін органын онлайн-қоғамдастық форматында құру да артық болмас еді, мұнда мегаполистер басшылары осы бағытта жұмыс тәжірибесімен алмасуы мүмкін, - дейді басқарма мамандары.