Weekend

Рухани жаңғыру: Шымкентте салт-дәстүр орталығынан Өзбекәлі Жәнібековке арналған бұрыш ашылды

Тұлға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттің Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында этнограф, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке арналған бұрыш ашылды. Бұрышқа этнографтың еңбектері мен шығармалары, күнделікті өмірде қолданған заттары, жәдігерлер, ғалым жайлы естеліктер қойылды.

Өзбекәлі Жәнібековтің қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық киімін сақтап қалуға, зерттеуге еңбегі сіңген адам.Салтанатты шара кезінде ардагер, мәдениет қайраткері К.Айдарбекова көшелердің біріне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсе деген ұсынысын білдірді.

- Өзбекәлі Жәнібеков барша қазақтың тұлғасына айналған жан. Қазақтың салт-дәстүрлеріне өте байыппын қарады. Қай уақытта барсам да, жұмыс үстелінде отыратын. Үнемі қолынан қағазы түспейтін. Ол демі үзілгенше қазақты, Отанын сүйіп өтті, - дейді Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім.