Саясат
Ұлы даланың ұлтаралық тілі
Алматыда ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумға ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е.Ж.Қошанов, ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер қатысып, қонақ болды.
Форумның бір ерекшелігі өзге ұлт өкілдерінің барлығы қазақ тіліне деген құрметін айрықша көрсетті. Форумда «Бөбек» қорының тәрбиешісі Юлиана Новикова, Ресейден келеген Виктория Трегубовой қазақ тілінде сөз сөйледі. Сонымен қатар форумға орыс, дүнген, корей сынды өзге ұлт өкілдері қатысты. Олар көпшіліктің елге деген патриоттық сезімін оятты.