Weekend

Шымкенттік көрікті жерлері: «Қасиет» мемориалы жайлы не білеміз?

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түлкі сай – кеңес дуәрінің қаланың сыртында, ал қазір Шымкент қаласының аумағына кіріп кеткен мекен. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұрында бұл жерде түлкінің ұясы көп болған көрінеді. Содан сайға түлкінің аты таңылған екен.

1937-38 жылдары НКВД органдары саяси бапен сотталғандарды осы жерге әкеліп, ату жазасын орындаған. Атылғандарды да осы жерде жерлеген. 1989 жылы облыстық Қауіпсіздік комитеті, облыстық прокуратура және «Әділет» қоғамы көпшіліктің өтініші бойынша құрбан кеткен жандардың жерленген жерін іздеуге кіріседі.

Ал көнекөз қариялардың бірі прокуратура қызметкерлеріне құрбан кеткен жандардың қай жерге жерленгенін айтып, осы Түлкі сайды көрсеткен екен. Сол жылдары қала тұрғындарды жұмыстан босағаннан кейін осы сайға келіп, қазба жұмыстарын жүргізген. Адам сүйектері 8 метр тереңдікке дейін табылған екен. Жүздеген адамның қабірі аршылған.

Ал 1997 жылы бұл орында мемориалды кешен орнату жұмысы қолға алынып, оған «Қасірет» деген атау беріледі. Сайдың табаны мен етегіне егілген көшеттер қазір тоғайға айланып, қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне апаратын жолға көрік беріп тұр.

Мұнда жыл сайын 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде» тағзым рәсімі өтеді. Шаһид кеткен жандардың ұрпақтары келіп, қаралы жиын өткізеді.

Материал Шымкент қалалық туризм басқармасының мәліметтеріне негізінде дайындалды.