Weekend

Мәдениет басқармасы: «Цитадель» Қазақстанның туристтік брендіне айналады

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Шымкент қаласының цитадель бөлігі алдағы уақытта үшінші мегаполистің ғана емес, бүкіл Қазақстанның туристтік брендіне айналады.

Мұны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы мәлімдеп отыр.

- Бекініс-қамалдың қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Цитадельдің ішіне XVI, XVII, XVIII, XX ғасырда салынған ғимараттар қалпына келтіріледі. Одан бөлек, қамалдың ішінде үлкен Амфитеатр салынып, ашық аспан астындағы сахна ретінде қойылады. Ол 650 орындық етіп салынбақ. Бұл жұмыстар наурыз айына дейін аяқталады. Одан әрі Тәуелсіздік саябағына қарай өтетін жаяу жүргіншілер жолы қаланады, - дейді басқарманың бөлім басшысы Раушан Айғазиева.  

Ескі қалашықтың жоғарғы бөлігін реставрациялауды 2019 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлануда. Ал келесі жылдың наурыз айына дейін Шымкент қаласының мұражай-экспозициясы әзірленбек. Онда Шымкент қалашығынан табылған экспонаттар қойылады. Желтоқсан айында бекініс қабырғалары бар Оңтүстік қақпаларын қалпына келтіру жұмыстары аяқталса, сол аумаққа 200 шаршы метр жерді алатын Визит-орталығын орналастыру жоспарлануда. Оңтүстік қақпаларының алдындағы алаңды абаттандыру жұмыстары осы кезеңде қатар жүргізілмек. Сонымен қатар, Қараханид және мен Қазақ хандығы кезеңінің тұрғын орамдарын мұражайландыру жұмыстары жүргізіледі.