Weekend
Туризм және дайындық
Шымкент қаласы қазіргі уақытта туристтер мен қала қонақтарының мол ағымын қабылдауға дайын. Биылдан бастап Шымкент қаласының әуежайына жаңа терминал салына бастағаны белгілі. Одан бөлек, темір жолы вокзалына да кеңейтіліп жатыр.
Алдағы уақытта Шымкент қаласында алып стадион, жаңа конгресс-холл салыну жоспарланып отыр.
- Шымкенттің киелі орындарынан, негізінен Өзбекстан мен Түркиядан, Малайзиядан көп турист келеді. Турист көбейгендіктен, қалада қонақ үйлер мен отельдер, хостелдер мен демалыс орындары көптеп салынуда. 2019 жылдың деректеріне сүйенсек, Шымкентте 109 қонақ үй мен 97 туристтік ұйым бар екен, - дейді Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасының басшысы м.а. Ғалия Шарафиева.
Келесі жылы Шымкентке келетін туристтер ағымы көп болады деп болжам жасалып отыр. Соған орай, бүкіл Қазақстанның мәселесіне айналған қоғамдық дәретханаларды реттеу жұмыстары қолға алынбақ.
- Туристтер көп жиналатын жерлер бізге белгілі. Енді сол жерлерге қоғамдық дәретханалар салу, жаңарту керек. Қазір бұл жұмыс қолға алынды. Сондай-ақ қаланың және қоғамдық дәретханаларды тазалығын қамтамасыз ету үшін инвестиция тартылып жатыр, - дейді Ғалия Аликенқызы.