Weekend
"Пидің өмірі" шынайы өмірде орын алды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИндонезиялық 18 жасар Алди Новел Адиланг аралдан 125 км қашықтықтағы Сулавеси жағалауында балық аулайтын қайығымен кезіп жүріп, қатты желге тап болып ашық теңізге шығып кеткен.
Адиланг отырған қайық шағын ғана үйшігі бар, кешкісін балық аулауға арналған, ешқандай моторы жоқ болған.
14 шілде күні теңізде қатты жел тұрып, қайықты ашық жерге алып кеткен. Адиланг ешқандай жарасыз қалып, ақыры теңізде балық аулап, қуырып жеп күн көрген.

Индонезиялық дипломат Фаджар Фирдаусаның айтуынша, Адиланг үрейден жылай берген.
«Адилангтың қасынан 10 шақты алып кемелер өткен. Ол көре тұра жас жігтті өздерімен алып кетпеген»,-дейді дипломат.
31 тамыз күні теңізде адасқан жігіт «Арпеджио» панамалық контейнеровозге белгі беріп, ақыры сол кемемен жағалауға жетіп алған. Алайда оны жеткізіп салған жағалау, туған ауылынан мың мильдік жерде болған. Кеме капитанының көмегімен екі жақты хабарласу арқылы Адиланг 6 қыркүйек күні Жапонияға жеткізіліп, арада екі күн өткенде барып қана өзінің ауылына жол тартқан.
«Ол тағы да біздің қасымызда, 30 қыркүйек күні 19 жасқа толады. Тойлайтын себеп пен сылтау да бар»,-деп анасы жүрек сөзін жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61