Спорт

Алматыдағы бокс кешінде бақталасатын 3 жұптың қарсыласы анықталды

Алматыдағы бокс кеші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда бокс кеші өтеді. Ол 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесіне орай болады деп жоспарланды. Аталмыш шоуда бақ сынасатын боксшылардың соңғы үш жұбы анықталды. Бұл туралы Sports.kz сайты жариялады.

Бұл жолы додада Қазақстан, Грузия, Әзербайжан елінің боксшылары жарысатын болады.

Жаңа жұптар: қазақстандық Рай Сейітжанов пен грузиндік Гиорги Абуладзе (жеңіл салмақ), қазақстандық Мирас-Әли Сәрсенов пен әзербайжандық Аскар Рагимов (екінші жартылай жеңіл салмақ), қазақстандық Нұрдос Төлебай мен әзербайжандық Рамиз Мамадов (бірінші жартылай орта салмақ).

Естеріңізге сала кетейік, Boxrec.com порталындағы бокс туралы статистикалық ақпаратқа қарағанда, бокс кешінде жұдырықтасатын сегіз жұп анықталған. Олар: қазақстандық Виктор Коточигов мен аргентиналық Хавьер Хосе Клаверо - жеңіл салмақ, қазақстандық Сұлтан Заурбек пен қытайлық Лешань Ли - екінші жартылай жеңіл салмақ, қазақстандық Искандер Харсан мен камерундық Томас Эссомба - супер жеңіл салмақ, қазақстандық Нұртас Ажбенов пен филиппиндік Лэнди Крис Леон - жеңіл салмақ, қазақстандық Елшат Нығметолла мен филиппиндік Крис Альфанте - супер жеңіл салмақ, қазақстандық Абай Төлеш пен Томаш Безвода - орта салмақ, өзбекстандық Хуршид Тожибаев пен индонезиялық Айзек Джуниор - екінші жартылай жеңіл салмақ, нигериялық Алиу Бамиделе Ласиси мен индонезиялық Хамсон Ламандау - екінші ең жеңіл салмақ бойынша жұдырықтасады.