Weekend

Шымкент жастары елордадағы салтанатты іс-шараға қатысып қайтты

Жастар жылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда "Жастар жылының" жабылуы мен "Волонтерлер жылының" басталуына орай салтанатты іс-шара өтті. 

"Жастар жылының" қорытындысына орай ҚХА "Жастар синергиясы" форумы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстау рәсімі, Қазақстандағы КТӘ-нің 20 жылдығына орай Республикалық "Жайдарман" ойындарының финалы, халықаралық еріктілер форумы, ҮЕҰ арасында марапаттарды және меценаттар арасында "Жомарт жүрек" сыйлығын табыстау рәсімі болды.

"Жастар жылының" жабылуы мен "Волонтерлер жылының" басталуына Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық қонақ шақырылған.

ҚР Президенті Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатына қатысты.

ЭКСПО павильондарының бірінде 2 көрме аймағы ұйымдастырылып, "Жастар жылы" аясында жүзеге асырылған "Жобалар аумағы" және "Волонтерлер жылының" тұсаукесер көрмесі өтті.

- Павильонның бас сахнасында "TED Jastar" форумы өтіп, осы жылы табысқа жеткен жас буын өкілдері көпшілік алдында сөз сөйледі. Осы шарада әріптесіміз, Жастар ресурстық орталығы «Қоғаммен байланыс және ақпараттық талдау» бөлімінің басшысы Бижан Сәдибеков ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қолынан алғыс хат алып, құрметке бөленді! – деп хабарлайды Шымкент қалалық жастар ресурстық орталық баспасөз қызметі.