Weekend

Жастар ресурстық орталығы мамандары студенттермен кездесті

Жастар саясаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының мамандары Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінде кездесу өткізді.

Жастар ресурстық орталығының мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультация бөлімінің басшысы Шокан Жанабилов және инспекторы Әлсейіт Оңласын жастарға бағытталған түрлі бастамаларды, орталықтың ішкі тыныс-тіршілігін және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды таныстырды.

Кездесу барысында Шымкент жастар ресурстық орталығы бастаған Аутрич, NEET, «Мен кәсіпкер боламын», «Жаңа өмір», IT CAMP және Professional сынды жобалар жайында, кітапсүйер қауым арасында басталған буккросинг жобасы жобасы жайлы айтып берді. Одан бөлек, кәсіп ашуға болатын «Еңбек», «Бизнес бастау», «Жас кәсіпкер» сынды танымал бағдарламалар жайлы сөз етті.

- Ал әлеуметтік жағынан мүмкіндігі зор бизнес-жобаларға 200 АЕК есебінде грнаттар беріледі, - деді Шокан Жанабилов. 

Студенттерді еріктілер жұмысына тарту жағы да түсіндірді. 2020 жыл Шымкент қаласы үшін еріктілер жылы. Волонтерлер жылына байланысты жалпы еріктілер жұмысына деген қызығушылықты арттыру жоспарланған. Біршама ұсыныс та түсіп жатыр. 

- Атап айтқанда, биыл «Әлеуметтік студенттік несие» атты жобасын бастадық. Ол бойынша студент жастарға волонтерлік қызметтің әр сағаты үшін 1 000 теңгеден төленеді. Олар осы соманы оқу қажеттілігіне жұмсап, базалық шығындарын өтей алады, - дейді бұған қатысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет. 


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61