Weekend
Жастар жылы
Қала басшысы Ерлан Айтаханов ең әуелі 82 жылдық тарихы бар оқу орнындағы «Ұлы Дала Елі - өркениеттер тоғысында» археологиялық көрмесін тамашалады. Сондай-ақ бас ғимараттағы «100 жаңа оқулық» коворкинг және Н.Назарбаев орталықтарын аралып, студенттер мен оқушыларға арналған ІТ кабинеттердің жұмысымен танысты.
Шымкент қаласында 260 мыңнан астам жастар бар, олар қала тұрғындарының 30 пайызға жуығын құрайды. 2019-2020 оқу жылында аталмыш ЖОО-да 5607 студент оқуға түскен. Оның ішінде мемлекеттік грант негізінде -2180 тәлімгер білім алуда. Қала әкімі ЖОО-ның техникалық базасымен танысқан соң, студенттері және оқытушылар құрамымен еркін пікір алмасу форматында кездесу өткізді.
- Келесі жылы айтулы мерекелердің бірі – Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын өткіземіз. Осы орайда мен атақты бабамыздың «Қайырымдық аланың тұрғындары» атты белгілі философиялық еңбегіне сүйене отырып, Шымкент қаласына - «Қайырымды қала» деген баламаны ұсындым, - деді қала әкімі.
Қала әкімінің бастамасына қолдау білдірген жастар өз пікірлерін ортаға салып, сауалдарын қойды. Оның ішінде Шымкент қаласында туризмды дамытудың жолдары, қала кітапханаларының кешкі ауысымда да жұмыс жасауы, қаладағы қоғамдық көліктің жүру кестесі мен уақытын ұзату жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар жастар 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялануына байланысты келер жылы республикалық еріктілер форумын Шымкент қаласына өткізу туралы бастама айтып, еріктілер қызметінің маңыздылығына тоқталды.
Сөз соңында Е.Айтаханов жоғарыда айтылған ұсыныс пікірлер ескерілетінін айтып, жастарға білім нәрмен сусындау жолында талмай еңбек етуге кеңес беріп тарқасты.