Weekend

Шымкентте жастарды волонтерлік қызметке жұмылдыру жұмыстары жасалуда

Жастар жылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында жастарға шағын гранттар бағдарламасы іске асырыла бастады.

- Аталған жобаның мақсаты - бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру, - деп хабарлайды Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Брифинг барысында келер жылдың перспективалары, сондай-ақ осы жылы Қазақстанда волонтерлік рөлді күшейтуге бағытталған қызықты жобалар ұсынылды.

Жобаның ұзақ мерзімді нәтижесі «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі кез келген әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағыттылған "VоБлаго" (Игілік үшін) еріктілер корпусын құру жолымен жүйелі қадамдар жасалады деп болжам жасалуда.

Осы орайда айта кеткен жөн, жастарды волонтерлік топтары келесі жылы ұйымдастыру шараларына аса қажет болмақ. Өйткені Ұлы Отан соғысының 175 жылдығы келе жатыр. Одан бөлек, Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанып отыр. Мәдени бұқаралық іс-шаралар көбейері анық.