Спорт
Спорт
Жастар арасында өтетін үлкен теннистен халықаралық турнир Шымкент қаласында осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Биыл әлемнің 15 елінен спортшылар келген екен. Олардың арасында Америка, Қытай, Испания, Румыния, Чехия және Грузия елдерінен келгендер бар.
- Шымкент қаласын теннистің астанасы деуге болады. Осыған байланысты қалаға әр елдің түрлі деңгейдегі спортшылары келіп өнер көрсетеді. Олардың арасында кәсіпқойлар, жастар мен теннистің болашақ жұлдыздары да бар, - дейді жарыстың бас төрешісі Александр Щербин.
Айта кеткен жөн, Шымкент қаласы биыл жазда, 10-16 маусым аралығында «Shymkent ATP Challenger» Халықаралық теннис турнирін өткізді. Бұл жарыс Халықаралық теннис федерациясы аясында ұйымдастырылды және Президент Кубогынан кейінгі екінші ірі дода болып табылады.