Weekend

Шымкентте бес жекеменшік мектеп ашылады

Мектеп жетпейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының билігі мектептердің жетіспеушілігін жекеменшік мектептерге қолдау көрсету арқылы шешуді ойлап отыр. Қазіргі уақытта 9 жекеменшік мектепті салу жоспарланған. 

Ал осы жылдың соңына дейін Шымкент қаласында 5 жекеменшік мектеп ашылады. Бұл мектептердің әрбіріне 1 мыңнан бала сияды.

Шымкент қалалық білім басқармасының мәлімдеуінше, қаланың демографиялық ахуалы жақсы болғандықтан, білім беру ұйымдары қазір ауадай қажет. Үш ауысымды мектептерді азайтуға жекеменшік мектептердің үлесі зор.

Осыған дейін Шымкентте шілде айында 1200 балаға арналған жекеменшік мектеп ашылған болатын. Ал оған Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы келе жатқанына байланысты Абайдың есімі берілген еді.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 11 жекеменшік мектеп бар. Биыл бұл мектептердің 4200 оқушысына мемлекет сатып алу аясында қаржыландыру жасалған.